05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада полиатлоннан әлем кубогының жеңімпаздары марапатталды

|
Photo: Фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада полиатлоннан әлем кубогының жеңімпаздары марапатталды

|
Photo: Фото: polisia.kz

Астана қаласы Полиция департаментінде жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олар полиатлоннан өткен әлем кубогында жүлделі орындарға ие болды. Жарыс Қырғызстанда өтіп, оған жеті елден қатысушылар жиналды. Турнир қорытындысы бойынша полиция капитаны Ізбасар Мұсабеков пен полиция аға лейтенанты Айхат Ибрашев өз санаттарында күміс медаль иеленді.

Бұдан бөлек, Ізбасар Мұсабеков жеке есептегі жүгіру жарысында қола медальмен марапатталды. Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев спортшыларға кубок пен медальдарды табыстап, олардың жоғары кәсібилігін, жеңіске деген жігерін және Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын арттырған еңбегін атап өтті.

Департамент басшылығы қызметкерлердің спорттық жетістіктерін олардың рухының мықтылығының, тәртіп пен отансүйгіштіктің айқын көрінісі ретінде бағалады. Арнайы жасақ қызметкерлерінің халықаралық деңгейдегі жетістіктері елордалық полицейлердің жоғары дене дайындығы мен қызметте де, спортта да үздік болуға ұмтылысын дәлелдейді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗