Астанада конкурдан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды
Бүгін Астана іргесіндегі «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінде жаңа маусымның алғашқы жарысы саналатын конкурдан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ауқымды додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысынан 19 шабандоз бен 34 ат қатысып жатыр.
Олар сайыс барысында биіктігі 120, 130, 140 см құрайтын кедергілерде сайысқа түседі.

«Жабық кешендегі чемпионатта еліміздегі барлық мықты шабандоздар сынға түсуде. Жарыс қорытындысы бойынша, мықтыларды іріктеп, сәуір айында Ташкент, Бішкек және Астанадағы әлемдік кезеңге жібереміз. Биылғы жылдың басты мақсаты - күздегі жазғы Азия ойындарына жолдама алу. Маусым барысын қарап, толықтай шешім шығаратын боламыз», - деді ат спорты федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Азат Толкунбеков.

Конкурдың басты ерекшелігі - әйелдер мен ерлер жынысы, жас бойынша бөлінбей, бірге сайысқа түсе береді.
«Астана қаласында конкур жарысын көргеніме қуаныштымын. Ат спортының жарыстары көбінесе шетелдік елдерде өтіп, теледидардан тамашалаушы едік. Енді өзімнің қаламда шабандоздардың өнеріне тәнті болып, олардың өз-өзін ұстауы, шеберліктерін үйренудемін. Өзім де конкурға қызығамын. Ақырындап кәсіби түрде шұғылдансам деген жоспарым бар», - деді көрермен ретінде келген Самал Иманғазы.
Бүгінгі жарыс күні биіктігі 120 сантимерді құрайтын кедергіден секіру бойынша жеңімпаз атанғандар:
1-орын. Раиса Соколенко (Клюголд) - 1:02.72;
2-орын. Олег Соколенко (Кореандр вант лозерхоф Зет) - 1:02.94;
3-орын. Олег Соколенко (Кореандр вант лозерхоф Зет) - 1:04.72.
Жарыстың толық жеңімпаздары ертең, 29 наурыз күні, анықталады.
Айта кетейік, конкур сайысынан өткен жылы Астана қаласы ұзақ жылдардан кейін Еуразия Лигасы Әлем Кубогының кезеңін қабылдаған болатын.
