Астана қаласының Сарайшық ауданында «Арыс» көпірінің маңында ер адам Есіл өзенін жүзіп өтпек болған. Алайда ол өздігінен жағаға шыға алмай қалған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жақын жерде кезекшілікте болған ТЖМ құтқарушылары ер адамға жедел көмек көрсеткен. Құтқару шеңберінің көмегімен оны судан алып шықты.
1985 жылы туған азамат медицина қызметкерлеріне тапсырылып, медициналық тексеруден өтуге жіберілді.
ТЖМ тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.