Астанада демалыс күндері мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 18:04
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада демалыс күндері мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1, 2 және 3 мамыр күндері елордада мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен т.б. тауарларды сатып ала алады.

Іс-шара 1, 2 және 3 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды. 

Еске салайық, өткен аптада да Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарладық.