Демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада 25 және 26 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде өңірлерден келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарларды сатып ала алады.

Жәрмеңке 25-26 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.

Еске сала кетсек, Астанада жылыту маусымы аяқталды.