Астанада жылыту маусымы аяқталды

Астанада жылыту маусымы аяқталды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, жылыту маусымы қалада штаттық режімде өткен.

«Елордада сыртқы ауа температурасының жоғарлауына байланысты 2026 жылғы 22 сәуірден бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет нысандары мен тұрғын үй қоры жылытудан кезең-кезеңімен ажыратылады.

Еске сала кетсек, қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін үш жылу электр орталығы және екі газ жылу стансасы — «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жұмыс істеді.