Astana Hub алаңында Конституциялық реформа талқыланды

Astana Hub алаңында Конституциялық реформа талқыланды
Фото: Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен Astana Hub алаңында елорданың белсенді жастары арасында Конституциялық реформаны түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шараға студенттер, спортшылар және түрлі сала өкілдері қатысып, ел дамуының өзекті бағыттары жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында спикерлер Конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, заңнамалық өзгерістердің жастар саясатына, білім беру жүйесіне, спорт саласына және азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпалы туралы кеңінен баяндады.

Жиын ашық сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар көкейіндегі сауалын қойды. Мамандар тарапынан нақты әрі мазмұнды жауап берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.