Асқарбек Ертаев: Біздің мақсатымыз – әр отбасыны қиын жағдайдан шығару
24 шілде, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Атаулы әлеуметтік көмек жалғасады. Жағдайы төмен отбасылар оның ішінде, жұмыс істемейтін әкесі немесе анасы болса атаулы әлеуметтік көмек алады. Мемлекет тарапынан ондай қолдау болады. Біздің мақсатымыз – әр отбасыға талдау жасап, оның ішінде жұмысқа жарамды адам болса жұмысқа орналастырып, сол отбасыны қиын жағдайдан шығару», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Астанада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
28 маусым, 2026
Creative Aimaq: Қобыланды Болат елордалықтарға ерекше концерт сыйлады
28 маусым, 2026
Астанада бір топ БАҚ қызметкері баспаналы болды
28 маусым, 2026
Астанада 1800-ден астам адам POLICE RUN-2026 бұқаралық жүгірісіне қатысты