Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты (ВИДЕО)
4 ақпан, 2025
Фото: Алматы облысы ПД
Алматы облысы Жамбыл ауданындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам жарақаттанып, үш адам қаза тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
4 ақпанда Алматы-Бішкек тасжолының 102-шақырымында қайғылы жол апаты болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан.
«Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Ұлттық банк суретке түсуді ұнататындарға алаяқтардан қауіп бар екенін ескертті
28 маусым, 2026
Астанадағы ескі вокзал асханасының төбесі опырылды
27 маусым, 2026
Астаналық құтқарушылар өртенген автобусты жедел сөндірді
26 маусым, 2026
Алматы метросында студенттен Калашников автоматының үш оғы табылды