Алматы облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Алматы облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: видеодан алынған скрин

Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорт және киберспорт сайыстарына бәс тігуге мүмкіндік берген.

Бәс қабылдау және ұтыстарды төлеу банк картасы, электронды төлем жүйесі және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған.

Заңсыз қызметті жасыру мақсатында жалған тұлғалардың атына тіркелген байланысы бар заңды тұлғалар пайдаланылған.

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу шарасы санкцияланды.

Бұдан бөлек, күдіктілердің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді. Оның ішінде: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser автокөліктері, сондай-ақ банк шоттарындағы 151 млн теңге, 14 600 доллар және 44 400 еуро бар.

Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік тәркіленді.

Бұған дейін алаяқтық жасаған күдікті Черногориядан экстрадицияланғанын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар