Алаяқтық жасаған күдікті Черногориядан экстрадицияланды

Алаяқтық жасаған күдікті Черногориядан экстрадицияланды
Фото: видеодан алынған скрин

ҚР Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Черногориядағы Елшілігінің көмегімен аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден түрік азаматын экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында аталған жеке тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап, үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың наурыз айындада ол Черногорияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Бұған дейін лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, 45 млн теңге залал келтірген күдіктінің Испаниядан экстрадицияланғанын жазған едік.