Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортшы 77 келіге дейінгі салмақта екі рет үшінші орынға көтерілді.
Аянат Жұмағали серпе көтеруде 128 келіні еңсеріп, үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы қоссайыстың қорытындысы бойынша 221 келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.
Ал жұлқа көтеру сайысында Аянат бесінші орынға тұрақтады.