Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеліп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне жолданды.
«Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
Абай облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жалғастырады.