ҚТЖ вокзал жолдарын заңсыз жалға берген
Прокуратура ҚТЖ-ның вокзал жолдарын жалға беру әрекетін анықтап, сотқа шағым түсірді, деп хабарлады Elorda.info Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Тексеріс барысында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде негізсіз артықшылық беру фактілері анықталды.
Осылайша, теміржол операторы 3 жыл бойы «Востокмашзавод» АҚ-ға мүліктік жалға беруге жатпайтын станциялық жолдарды уақытша меншікке берген. Бұл заңсыз әрекет жалға алушыларға 4 миллиард теңгеге жуық бос тұрған вагондар үшін міндетті төлемдерді төлемей, сытылып кетуге жол берген.
Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзу туралы, талап арыздар берді.
Қазіргі уақытта қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ.