00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Каспий теңізінің жағалауында орналасқан 50 га жер мемлекетке қайтарылды

Каспий теңізінің жағалауында орналасқан 50 га жер мемлекетке қайтарылды
Фото: ведомство

Маңғыстау облысы жер ресурстарын басқару департаменті облыстағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің біріне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде мұнай терминалының құрылысын салу және орналастыру үшін арналған жалпы ауданы 50,0 гектар жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай келгені анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Кадастрлық (бағалау) құны – 445,0 млн.теңгені құрайтын жер учаскесі Каспий теңізінің жағалауындағы Қарақия ауданында орналасқан.

«Жер учаскесінің меншік иесіне жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жыл аяқталғаннан кейін нұсқама талаптарын орындамағаны үшін серіктестікке 345,0 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызы сотпен қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді.