00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Конгресс кітапханасына кітаптар тапсырды

24 қазан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Конгресс кітапханасына кітаптар тапсырды
Фото: Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамынан

25 қазан – Республика күніне орай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі әлемдегі ең үлкен кітапхана саналатын – АҚШ Конгресі кітапханасының қорына қазақ тілі, руханияты мен мәдениеті үшін аса маңызды бірқатар кітап тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Атап айтқанда, Конгресс кітапханасының қорына Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы дайындап, шығарған Oxford Qazaq Dictionary сөздігі, ағылшын тіліндегі Абай шығармаларының жинағы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты дайындап шығарған «Ұлы дала ойындары» және «Қазақтың отбасы фольклоры» деп аталатын еңбектер қосылды.

Бұған дейін Конгресс кітапханасына ағылшын тілінде шыққан «Қазіргі қазақ прозасы» және «Қазіргі қазақ поэзиясы» атты антологиялар тапсырылған еді. Бұл шара – АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен қолға алынған жыл сайынға дәстүр.