Қазақстан – Уэльс: бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Бүгін «Астана Арена» стадионында сағат 19:00-де футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы өтеді. Онда Қазақстан және Уэльс құрамалары кездеседі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жанкүйерлердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында матч кезінде «Астана Арена» стадионы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Шектеулер «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан енгізіледі.
«Қозғалысқа шектеулер матч басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын күшіне еніп, оның аяқталуына дейін жалғасады.
Жүргізушілер алдын ала жүретін бағытын жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескергені жөн», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:53
Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады

Бүгін, 12:37
Астанада нашақорлыққа қарсы күреске арналған айлық басталды

Бүгін, 11:56
Астанада Атырау көпіріне көлігімен шығып кеткен жүргізуші жазаланды

Бүгін, 11:17
Астанада А.Бараев көшесіндегі жерасты көлік өткелінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр