Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында екі медаль алды

Бүгін, 15:32
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views41
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында екі медаль алды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстан құрамасы Вьетнамда өтіп жатқан академиялық есу бойынша Азия чемпионатында күміс пен қола медаль иеленді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Хайфон қаласында өтіп жатқан чемпионатта Қазақстан әйелдер командасы жеңіл салмақта 2000 метр қашықтықта екінші орынды иеленді.

Күміске қол жеткізген құрам: Роза Кенес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина.

Артем Матусевич қола жүлде алды.

Ерлер арасындағы жеңіл салмақтағы 2000 метрлік жарыста Артем Матусевич үздік үштікке кіріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Азия чемпионатына 18 елдің спортшылары қатысты.

Хайфондағы жарысқа Азияның 18 елінен 232 спортшы қатысып жатыр. 19 қазанда өтетін финалдық кезеңде тағы бірнеше қазақстандық ескекші бақ сынайды.

Былтыр Самарқандта өткен құрлық чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 7-орынға тұрақтаған еді.