Apple компаниясы iPhone 17 смартфонын таныстырды

Фото: Apple
Apple компаниясы жаңа үлгідегі iPhone және оның Pro және Max жетілдірілген түрлері, сондай-ақ жаңа смарт сағаттар және басқа да құрылғыларын таныстырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТАСС хабарлағандай, Apple ұсынған жаңа құрылғының ең жұқа нұсқасы – iPhone 17 Air, оның қалыңдығы небәрі 5,6 мм.
IPhone 17-нің бағасы 799 доллардан, iPhone Air – 999 доллардан, iPhone 17 Pro – 1 099 доллардан және 17 Pro Max – 1 199 доллардан басталады.
Серия жаңа салқындату жүйесімен, eSIM технологиясымен және батареяны тиімді пайдалануға арналған функциямен жабдықталған.
Айта кетейік, смартфондар 19 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:19
«Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды

Бүгін, 12:15
«Қаржы жоқ деген сылтау деп ойлаймын»: Ринат Зайытов ең төменгі жалақығы қатысты айтты

9 қыркүйек, 2025
Бас прокуратура Gmail-ге тіркелген азаматтарды сақтыққа шақырды

9 қыркүйек, 2025
Жаңа министрлік қалай құрылады – министр жауабы