Жаңа министрлік қалай құрылады – министр жауабы

Бүгін, 16:15
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views65
Жаңа министрлік қалай құрылады – министр жауабы
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жаңа министрліктің инновациялық саясат жөніндегі функциялары Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетінін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркісібі министрлігінің негізінде ҚР-дың Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатын болады. Бұл ретте инновациялық саясат жөніндегі функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетін болады. Жарлықтың жобасы әзірленді. Мемлекеттік органдармен келісуде жатыр. Цифрлық кодексті Парламент Мәжілісі қарап жатыр. Оны пысықтау Мәжіліс жанынан құрылған құзіреттер орталығының негізінде жүргізілуде. Құжат Мемлекет басшысы белгіленген мерзімде қабылданатын болады», - деді ол.

Министр Alatau City цифрлық қаласы бойынша Жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, Smart City архитектурасы әзірленетінін айтты.

«Сондай-ақ оның экожүйесінде криптовалютаны пайдалану үшін қажетті нормативтік-құқықтық акті дайындалады. Реттеуші интеллект орталығының қызметін қамтамасыз ету үшін суперкомпьюердің қуаты және ұлттық жасанды интелект платформасына қолжетімділік берілетін болады. Сондай-ақ Digital Qazaqstan тапсырма шеңберінде үлкен дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өткім келеді. Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, 72 саланы қамтитын 19 цифрлық трансформация картасы қалыптастырылды. Оларды әзірлеу жүйелі түрде жүргізілді. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері пайдаланылды. E-otinish деректері ескерілді және үздік халықаралық тәжірибелер қолданылды. Осының арқасында барлық іс-шаралар мемлекеттік органдар  қол жеткізуі тиіс нақты нәтижелермен тікелей байланысты. Дәл осындай тәсіл аймақтарда да қолданылды. Қостанай облысында бірінші өңірлік карта бекітілді, қалғандары биылғы жылдың 1 қарашасына дейін дайындалатын болады», - деді ол.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, қазіргі таңда шекара және кеден бекеттерінде 102 өткізу пункті жұмыс істейді. Олардың көпшілігі интернет желілерімен қамтамасыз етілген.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының шеңберінде  38талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу , барлық пунктерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісіне қосу, сондай-ақ бақылау камераларын пунктерден Астанадағы бірыңғай мониторинг орталығына шығаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ЖИ технологиялары экономиканың барлық негізгі салаларына енгізіліп жатыр. Әсіресе құрылыс саласы, агро сектор, геология мен су саласы, логистика, медицина және т.б», - деді министр.

Сондай-ақ министр Мемлекет басшысының криптоиндустрияны дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде министрлік бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Негізгі бағыттар  - заңнамалық бастамаларды іске асыру. Онда министрлік криптоиндустрияны либериализациялау және майнинг инудстриясына инвестициялар тарту бойынша түзетулер әзірледі. Түзетулер Қазақстан Республикасы аумағында шығарылым мен айналымды заңдастыруды, ҚР  аумағында криптоайырбастаудың лицензиялауын енгізуді, Астана халықаралық қаржы орталығында майнерлер өндірген цифрлық активтердлі сату туралы міндеттемені алып тастауды, сондай-ақ электорстанцияларын жаңғырту бойынша 7030 бағдарламасы жобасын іске асыруды қамтиды», - деді министр.