Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды


Синоптиктер 13 сәуірде елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.
Шымкентте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман, 2 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.
Алматы облысында жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.



