Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттары жоспардан тыс тексеріледі

Бүгін, 17:32
Айман Нығмет Айман Нығмет
views48
Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттары жоспардан тыс тексеріледі
фото: freepik.com

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамызда орын алған авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатты, деп хабарлады Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеріледі. 

«Сондай-ақ жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де тексеріледі»,- делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, 22 маусым күні Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Бортта екі экипаж мүшесі болған. Екеуі де көз жұмған.

17 тамыз күні Ақмола облысында тағы бір жеке ұшақ апатқа ұшырады. Бортта екі адам болған, екеуі де қаза тапқан.