Биыл елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді

Бүгін, 14:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Биыл елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді
Фото: Көлік министрлігінен

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, «Қарағанды-Жезқазған», «Ақтөбе-Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау-Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда-Жезқазған» және «Ұзынағаш-Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады.

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында «Жезқазған-Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Қандыағаш-Ембі-Ырғыз», «Қостанай-Қарабұтақ», «Өскемен-Шемонаиха», «Өскемен-Рахман кілттері», «Орал-Атырау» жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.