00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл 5 су қоймасының құрылысы басталады – министрлік

12 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл 5 су қоймасының құрылысы басталады – министрлік
Фото: primeminister.kz

Елдімекендерді су тасқынынан қорғау және тасқын суын жинау мақсатында 20 су қоймасын салынады, деп хабарлады Elorda.info.

Су ресурстары және ирригация министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жаңа су қоймалары 11 облыста салынады.

Бес су қоймасының құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 елдімекенді су басу қаупін азайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, еліміздегі жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасына реконструкция жасалады. Бұл 70 мың адам тұратын 64 елдімекенді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, - деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жалғасып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 70%-ға толды. Иреклі су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ. Бұл су 15-20 сәуірде келеді деп күтіліп отыр.

Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көлемі 84,8%. Өңірде су тасқыны басталды, сондықтан Ертіс су қоймаларының каскады бойынша су жіберіліп жатыр.