«Ауаның сапасы нашарлауы ықтимал»: Қазгидромет астаналықтарға ескерту жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан
Қазгидромет Астана мен тағы үш қаланың тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
"2025 жылғы 31 қаңтарда Астана, Ақтөбе, Атырау және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ұқсас жаңалықтар
27 қазан, 2025
Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды
27 қазан, 2025
Алматы мен Мәскеу арасында тікелей теміржол қатынасы ашылды
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
