00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды

11 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды
фото: Бас прокуратура/facebook.

Бас прокуратура қарақшылық шабуыл жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Күдікті 2023 жыл Павлодарда біреудің мүлкін зорлық-зомбылық арқылы иемдену мақсатында осы қылмысты жасау үшін танысымен қылмыстық келісімге келген. Жоспарларын жүзеге асыру үшін күдіктілер түнгі уақытта мас күйінде жәбірленушіні қараңғы жерге апарып, есінен танып қалғанша ұрып-соғып, 200 мың теңге мөлшердегі мүлкін жымқырған. Көптеген дене жарақаттарының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келді.

«Сыбайластардың бірі бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған, ал екінші айыпталушы қашып кеткен, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл сәуір айында ол Ресей Федерациясының Түмен қаласының аумағында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды»,-деп көрсетті Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.