Вакцинация жоспарын кешіктірген басшыларға шара қолданылады
«ВАК осы мәселелерді қарады. Оқу жылының басынан бастап әкімдіктер өздерінің дайындығын толық растады, алайда бүгінгі күні, мысалы, әр бесінші мектепте, санитарлық нормалардың сақталмағанын көрдік, сондықтан әкімдіктер барлық жағдайды бақылауы тиіс», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Ол жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жоспардың 10-15 пайызы ғана орындалғанын айтты.
«Осыған байланысты өңір әкімдеріне вакцинацияны ұйымдастару бойынша Шығыс Қазақстан облысының үлгісімен түбегейлі шешімдер қабылдау керек деп есептейміз. Вакцинация жоспарының орындалмағаны үшін әкімдік басшыларының жеке басымен жауапты екенін бекіту қажет. Егер вациналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз», - деді ол.