Шымкентте алимент төлемеген жеті адамның көлігі тәркіленді

Бүгін, 13:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views39
Шымкентте алимент төлемеген жеті адамның көлігі тәркіленді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Шымкент қаласында прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, алимент өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара барысында жеке сот орындаушыларының қатысуымен борышкерлердің атына тіркелген автокөліктер тексерілді.

Прокуратураның тапсырмасымен 36 алимент төлемей жүрген тұлғаның көлігіне қатысты ұстап, арнайы тұраққа жеткізу туралы қаулы шығарылды.

Олардың ішінен «Сергек-Қорғау» жүйесі мен Жедел басқару орталығының көмегімен анықталған 7 көлік айыптұраққа жеткізілді.

Бір күн ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 4,7 млн теңге көлемінде алимент қарызы өндірілді, - делінген хабарламада.

Прокуратура баланың құқықтары мемлекет қорғауында екенін, ал алимент төлеуден жалтару – қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.