Ұлттық жасанды интеллект платформасы не үшін қажет: вице-министр жауап берді

Бүгін, 16:53
Айман Нығмет Айман Нығмет
Ұлттық жасанды интеллект платформасы не үшін қажет: вице-министр жауап берді
фото: freepik.com

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірінші оқылымда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулерді талқылап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляеваға және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкіліне Ұлттық жасанды интеллект платформасын құру, оның құқықтық мәртебесін заң жобасында көрсету туралы сұрақ қойды. 

«Заң жобасында Ұлттық жасанды интеллект платформасын құру ұсынылды. Бұл бастама бүгінгі таңда монополия қауіпін тудырады деп ойламайсыз ба? Осы платформаның мәртебесін заңда бекітуге не себеп болды? Ортақ платформа жасанды интеллект нарығындағы бәсекелестікке кері әсер етпей ме? Мысалы, Astana Hub-та 1600-ге жуық кәсіпкер тіркелген. Оның 30 пайызға жуығы жасанды интеллектпен айналысады. Осылайша бұл кәсіпкерлердің бизнесіне кері әсеренін тигізбей ме?»-деді депутат. 

Заң жобасының авторы Екатерина Смышляеваның айтуынша, платформа енді бастаған жас әзірлеушілерге көмек болады. 

«Бізге платформаның мәртебесін бекіту қажет, себебі ол жеке заңды субьект емес. Бұл платформамен айналысатын адам жауапкершілік алып, оның қауіпсіздігіне жауап беруі қажет. Бұл платформа нарықтық өнімдерге арналмаған,  ол жалпы даму ортасы. Егер біз жасанды интеллект саласында отандық өнімді пайдалануды қаласақ, алгоритм біздің деректерімізді ескереді. Қазір деректердің ең үлкен әкімшісі - мемлекет. Тиісінше, бұл платформа деректер кітапханаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, нарықта, әсіресе стартаптар мен енді бастаған әзірлеушілерге бұл көмек болады. Бұл жағдайда біз монополия қаупін көріп тұрған жоқпыз»,- деді Екатерина Смышляева.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Қаныш Төлеушин жаңа платформа бақылау құралы емес екенін атап өтті. 

«Ұлттық жасанды инллекет платформасы бұл міндеттеу емес, жалпы бақылау құралы да емес. Сонымен қатар әзірлеушілерге тек қана осы платформада жұмыс істеу керек деп деп міндеттемейміз. Бұл платформа пайдаланушыларға мемлекеттік қолдау ретінде беріледі. Сәйкесінше бәсекелістікті арттыруға ықпал етеді»,- деді Қаныш Төлеушин.