00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жұмыспен қамтылған жастар саны 1,8% өсті

26 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Елімізде жұмыспен қамтылған жастар саны 1,8% өсті
Фото: Оңалхан Өнерхан

2024 жылғы II тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың саны 3,6 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% өскен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жастардың 46%-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, 48%-да техникалық кәсіптік білімі бар.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жастардың ең көп саны келесі салаларда еңбектенеді: көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу (643 мың адам), білім беру (438 мың адам) және өнеркәсіп (416 мың адам).

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,2% (2023 ж. ІІ тоқсан – 3,6%).

Жұмыспен қамтылған жастардың жас құрамын қарастыратын болсақ, 2023 жыл қорытындысы бойынша негізгі үлес (50,4%) 29-34 жас тобы аралығындағыларға келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұзартылды.