Қазақстандықтар тәулігіне 13 сағатын жеке күтімге жұмсайды

16 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандықтар тәулігіне 13 сағатын жеке күтімге жұмсайды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» тақырыбында біржолғы модульдік зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 10 жастан жоғары 11 914 адам қатысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Нәтижесінде ел тұрғындары тәуліктің 54,2%-ын, яғни 13 сағатын жеке күтімге жұмсайтындығы белгілі болды.

Оның ішінде:

Ұйқыға – 9 сағат 26 минут;

Тамақтануға – 1 сағат 57 минут;

Жеке гигиена мен күтімге – 1 сағат 27 минут;

Жұмысқа – 2 сағат 56 минут;

Үй шаруашылығына – 3 сағат 14 минут;

Оқуға – 28 минут;

Өзі пайдаланатын заттарды жасауға – 12 минутын жұмсайды.

Ал бос уақыты 4 сағат 9 минут.

Сондай-ақ зерттеу қорытындысы бойынша ер адамдар әйел адамдарға қарағанда жұмыста көп уақытын өткізетіндігі де анықталды. Атап айтар болсақ, ерлер 9 сағат 7 минутын, ал әйелдер 7 сағат 57 минутын жұмысқа арнайды екен.

Алайда Ұлттық статистика бюросы бір күнде әйелдердің тек 1 сағат 50 минут бос уақыты болса, ерлер 2 сағат 31 минут бос болады деген қорытынды шығарды.

Айта кетейік, мұндай зерттеу 6 жылда бір рет жүргізіледі.