Аккаунтыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады

Полиция аккаунтыңызды алаяқтардан қорғау жолдарын еске салды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жеке парақшаларыңыз бен деректеріңіз қауіпсіз болуы үшін:
Құпиясөз 12345 болмауы керек!
Ұзын, күрделі құпиясөз қойыңыз: бас және кіші әріптер, сандар және арнайы белгілер (@, #, &) болсын. Аты-жөніңізді, туған күніңізді немесе қарапайым сөздерді қолданбаңыз.
Құпиясөзді дұрыс сақтаңыз.
Телефондағы Notes-қа немесе қағазға жазбаңыз. Оның орнына пароль менеджерін қолданыңыз – ол сізге жаңа құпиясөз құрып, сақтап, қажет болғанда ауыстырып береді.
Видео мен қоңыраудағы адамды тексеріңіз.
Алаяқтар дипфейк қолдануы мүмкін. Сөйлесіп отырған адамнан басын бұруын немесе жанында тұрған затты көрсетуін сұраңыз. Шұғыл ақша жібермеңіз — «туыс» болса да, алдымен қоңырау шалып, растаңыз.
Әлеуметтік желіде абай болыңыз.
Көптеген платформа жасанды интеллектпен жасалған суреттерді белгілейді және күмәнді контент туралы ескертеді.
Сен, бірақ тексер.
Күмәнді хабарлама келсе – басқа мессенджер немесе телефон арқылы қайта хабарласыңыз.
Деректеріңізді қорғаңыз.



