Судья лауазымына 32 үміткер психологиялық тестілеуден өте алмады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
ҚР Жоғарғы сот кеңесі Судья лауазымына біліктілік емтиханының шеңберінде өткізілген психологиялық тестілеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Ведомство мәліметінше, судья лауазымына біліктілік емтиханынның төртінші кезеңі – судьялыққа кандидаттардың психологиялық тестілеуден өтуі аяқталды.
Психологиялық тестілеуге, жалпы алғанда, 88 кандидат қатысты. Психологиялық тестілеудің нәтижелері бойынша тестілеуден сәтті өткен 56 кандидат біліктілік емтиханынның келесі кезеңі – Біліктілік комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасуына жіберіледі, - делінген хабарламада.
Қалған 32 кандидат психологиялық тестілеуден өте алмай қалған.
Ұқсас жаңалықтар