Шымкентте жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

Шымкентте жоғалып кеткен жігіт өлі табылды
Фото: istockphoto.com

Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған жігіт өлі табылды. Мұны Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бәйдібек Ақмырзаұлы соңғы рет Шымкенттегі әуежайда досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған.

Жас жігіт 2025 жылғы 14 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға барған. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайда шығарып салған.

«15:22-де «Қатын көпір» аялдамасы маңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ», - дейді жақындары.

Жоғалған азаматтың туыстары екі күннен кейін, 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған.

Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы қыздың денесі Алматыдағы Кеңсай зираты маңынан табылғанын жазған болатынбыз.