Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі

Бүгін, 11:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі
Фото: видеодан скриншот/Qazaqstan.tv

Атом энергиясы саласын 2050 жылға дейінгі дамыту стратегиясы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, атом өнеркәсібі, ғылым мен технология және кадр даярлау бағыттарын қамтиды. Әсіресе қауіпсіздікке басымдық беріледі. Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің өкілігі Ғани Мәди осылай деді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Оның пікірінше, қауіпсіздік нысанды жобалау мен салудан бастап, оны пайдаланудан шығаруға дейінгі барлық кезеңде сақталуы тиіс.

«Станция жобасы халықаралық қауіпсіздік талаптарына, МАГАТЭ стандарттарына әзірленеді. Қазақстанда құрылыс монтаждау, жобалау тиісті лицензиялар мен рұқсаттармен жүзеге асырылады. Екіншіден, қауіпсіздік тек реакторлар технологиясына емес, алаңды таңдау, құрылыс сапасы, тәуелсіздік мемлекеттік бақылау, персоналды дайындау сияқты барлық кезеңдерге қатысты болады», - деді ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ғани Мәди.