Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көтерме және тұрғын үй жәрдемақысы төленеді

Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көтерме және тұрғын үй жәрдемақысы төленеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мәжілісте азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін ынталандыру мақсатымен оларға және олардың отбасы мүшелеріне қоныс аудару бойынша жәрдемақы төлеу, мүлікті тасымалдау, сондай-ақ барлық отбасы мүшесін қоса алғанда, темір жол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындарын өтеу ұсынылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай кезеңінде, терроризмге қарсы операция кезінде, қарулы қақтығыс жағдайында, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы белгіленеді. Үстемақы ақшалай қаражаттың 3 еселенген мөлшерінде төленеді, ал еңбек өтілінің бір күні үш күнге есептеледі.

Азаматтық қорғау органдарының және әскери қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алу шығындары өтеледі. Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге осындай норма енгізуді ұсынды. Демек енді тұрғын үй төлемдерін төтенше жағдайлар жүйесі қызметкерлері де алатын болады.

Сонымен қатар егер өрт сөндіруші немесе құтқарушы жауынгерлік жағдайда қызметтік міндеттерін орындау кезінде зардап шексе, санаториялық-курорттық негізде оңалтуға құқығы болады.