Шымкенттегі танымал ойын-сауық саябағы бұзылатын болды

Шымкенттегі танымал ойын-сауық саябағы бұзылатын болды
Фото: 24.kz

Шымкент қаласының орталығында орналасқан белгілі аттракциондар паркі заңсыз салынған болып шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, сот аталған жер телімінің заңсыз пайдаланылғанын ескеріп, талап арызды қанағаттандырған. Соның негізінде ЖШС-ге 4 гектар аумақты босатып, заңсыз салынған құрылыстарды бұзу арқылы жерді бастапқы қалпына келтіру міндеттелді. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Белгілі болғандай, 2011 жылы жеке серіктестік Шымкенттің орталығынан 4 гектар жерді жалға алған. Алайда компания өз міндеттемелерін орындап, балалар орталығын салудың орнына, бұл аумаққа «Қиял әлемі» аттракциондар паркін орналастырған.

Соңғы жылдары бұл орында бірқатар қайғылы оқиғалар орын алды. Атап айтқанда, өрт салдарынан екі студент пен бір азамат қаза тапқан болатын.

Осыған байланысты әкімдік ЖШС-нің келісімшарт талаптарын бұзғанын алға тартып, сотқа оның күшін жою туралы арыз түсірді.

«Экономикалық сот пен апелляциялық инстанция ЖШС-ні жер телімін коммуналдық меншікке қайтаруға міндеттеді. Бұл шешім заңды күшіне енгеннен кейін, әкімдік парктегі заңсыз құрылыстарды серіктестіктің қаражаты есебінен бұзу және жерді бастапқы қалпына келтіру туралы тағы бір талап арыз берген», – делінген хабарламада.

Сот барысында ЖШС-нің парктегі аттракциондар, әткеншектер және өзге де құрылыс нысандарының заңды түрде пайдалануға берілгенін растайтын құжаттарды ұсына алмағаны аталып өтті.