00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Түркістан облысының әкімдігінен

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Әр жылдары Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Парламент Сенатының депутаты болып сайланған. Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

Ол 2022 жылдың 31 тамызынан бастап соңғы тағайындауға дейін Түркістан облысының әкімі қызметін атқарды.