Медицина қызметкерлері күніне орай 12 қалалық емханада мерекелік іс-шара өтті
Медицина қызметкерлері күніне орай Астана әкімдігіне қарасты №12 қалалық емханада салтанатты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында медицина саласының дамуына және халық денсаулығын сақтауға сүбелі үлес қосып жүрген қызметкерлерге алғыс білдіріліп, құттықтау сөздер айтылды. Үздік мамандар түрлі марапаттармен, алғыс хаттармен және медальдармен наградталды.
Мерекелік кештің құрметті қонағы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әншісі, «Құрмет» орденінің иегері Ұлықпан Жолдасов кәсіби мерекемен құттықтап, әсерлі әндерін тарту етті.
Еске сала кетсек, медицина қызметкерлері күні қарсаңында емхананың №1 ЖТД бөлімшесінің аға мейірбикесі Бақыткүл Алмабекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.