Қазақстанның пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды

Қазақстанның пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Индонезияның Бали қаласында WKF нұсқасы бойынша пара-каратэден V Азия чемпионаты өтті. Биылғы жарысқа 7 мемлекеттен үздік спортшылар қатысып, құрлық мықтыларын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан командасы жоғары даярлық үлгісін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Спортшылар бірнеше алтын және қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ләззат Жүсіпова – алтын медаль
Назгүл Ізмағамбетова – алтын медаль
Нұржайна Жаннетова – алтын медаль
Рустам Билялов – қола жүлдегер
Азиза Ибраимова – қола жүлдегер
Ерлан Нұрмағамбетов – қола жүлдегер

Бұл жетістік - спортшылар мен бапкерлердің жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Еске сала кетейік, былтыр Ташкент қаласы қабылдаған пара-каратэден Азия чемпионатында біздің команда 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленген.