Ақмола облысында 30 млн теңгенің синтетикалық есірткісі тәркіленді

Ақмола облысында 30 млн теңгенің синтетикалық есірткісі тәркіленді
Фото: ІІМ видеосының скрині

Ақмола облысында полиция қызметкерлері ірі есірткі сатушының қызметін тоқтатып, заңсыз айналымнан синтетикалық есірткілер партиясын тәркіледі. Есірткінің құны қара нарықта шамамен 30 млн теңге, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында Ақмола облысының 47 жастағы тұрғыны тыйым салынған заттарды сақтап, оларды буып-түюмен айналысқаны анықталды. Автокөлікті тінту кезінде психотроптық заты бар екі полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар тергеу іс-қимылдары барысында күдікті Көкшетауға синтетикалық есірткінің ірі партиясын жеткізгені анықталды, оны шағын дозаларға бөліп, одан әрі тарату үшін жеткізуші-курьерлерге беруді жоспарлаған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдіктінің сыбайластары анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, Талдықорғанда синтетика есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды.