«Қазақконцертте» Қарақат Әбілдинаның мерейтойлық концерті өтті

Бүгін, 20:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Қазақконцертте» Қарақат Әбілдинаның мерейтойлық концерті өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдинаның шығармашылық жолының 25 жылдығына орай «Қызымын елдің, бақытымды тапқан өнерден» атты мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мерейтойлық кеш Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында өткізілді. 

Кеш барысында әншінің репертуарындағы таңдаулы туындылар, халық әндері мен көпшілік сүйіп тыңдайтын шығармалар орындалды. Мерейтойлық концертке «Ұлытау» этно-рок тобы, оркестр, балалар хоры, жас домбырашылар, жетігеншілер, балет әртістері мен шығармашылық ұжымдар қатысты.

Сахна төрінде ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының, Парламент Мәжілісі Төрағасының, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің, сондай-ақ Астана қаласы әкімінің құттықтау хаттары оқылды.

Еске салсақ, Астанада медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.