Серік Теміржанов тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Фото: instagram.com/qaz_team_official
Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Серік Теміржанов ширек финалға өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов алғашқы кездесуінде Аустралияның жас спортшысы Якоб Кассармен жұдырық түйістіріп, 4:1 есебімен басым түсті.
«Алғашқы раундта қашықтықта жұмыс істеп, басым түстім. Екінші раундта соққы алмасуды жөн көріп, тактикама өзгеріс енгіздім. Төрешілер басымдықты қарсыласыма беріпті. Үшінші раундта қайта өз тактикама ауыстым. Нәтижесінде жеңіске жеттім. Қателіктермен жұмыс істеп, бұдан да жақсы дайындықпен шығамын», - деді Серік Теміржанов.
Енді отандасымыз 3 шілдеде рингке оралады.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі

2 қазан, 2025
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

2 қазан, 2025
«Қайраттың» қақпашысына су жаңа көлік сыйға берілді