Парадзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды

Фото: instagram.com/kaz_para_judo
Астанада өткен парадзюдо бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құрама айналмалы жүйе аясында өткен белдесулерде Түркия, Үндістан және Өзбекстан командаларын тізе бүктіріп, тек Бразилиядан жеңіліс тапты. Дегенмен, жарыстың жалпы нәтижесінде Қазақстан командасы көш бастап, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Қазақстан;
2-орын – Түркия;
3-орын – Бразилия.
Айта кетейік, бұл жеңіс – ел намысын абыроймен қорғаған спортшы қыздардың ерлігі мен еңбегінің жемісі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:59
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Бүгін, 12:17
ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Локомотив» клубын қабылдайды

Бүгін, 08:51
Қазақстандық жас шахматшылар әлем чемпионатында 3 алтын жеңіп алды

30 қыркүйек, 2025
«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында «Реал Мадридке» жол берді