Қостанайлық әскери қызметшілер марафонда жүлдегер атанды

Қостанай қаласында дәстүрлі Kostanay Half Marathon 2025 жарысы өтті. Бұл спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес Ресей Федерациясынан әуесқой желаяқтар жиналды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жартылай марафон қашықтығы 21,1 шақырымды құрады, ол қатысушылардан төзімділік пен дайындықты талап етті. 6697 әскери бөлімінің 4 адамнан құралған әскери қызметшілері де жарысқа қатысты.
Жалпы есепте барлығы 9 команда бақ сынады. Олардың қатарында ел ордасы Астанадан және Ақтөбе мен Қостанай қалаларынан, сондай-ақ Ресей Федерациясынан келген спортшылар болды. Әр команда өз аймағының абыройын қорғап, жеңіс үшін жан аямай күш салды.
6697 әскери бөлімінің спортшылары мәреге дейін үздіктер қатарында болды сондай-ақ жалпыкомандалық есепте 2-ші орынды иеленді.



