Надежда Рябец - жартылай финалда

Надежда Рябец - жартылай финалда
Фото: instagram.com/qaz_team_official

Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Надежда Рябец 1/2 финалға өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Токио Олимпиадасының қатысушысы, 75 келідегі Надежда Рябец отандастарымыздың арасынан алғаш болып, жартылай финалға шықты.

Надежда ширек финалда Бразилия спортшысы Вивиана Дос Сантос Перейраны 4:1 есебімен жеңіп кетті.

Енді жерлесіміз жартылай финалдық айқасын 5 шілдеде өткізеді.