Ұлттық ұлан жауынгері әлем біріншілігінде топ жарды

Фото: Elordainfo.kz
Қырғызстанның Чолпон-ата қаласында ересектер мен жастар арасында гір көтеру спортынан әлем біріншілігі өткізілді. ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгері жарыста үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Аталмыш жарысқа әлемнің 18 мемлекетінен 500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім қызметкері Арман Жүнісов әлем біріншілігінде өз күшін сынап қайтты.
Ересектер арасындағы 63 салмақ дәрежесінде бақ сынасқан ұландық жауынгер сайыс қорытындысы бойынша 32 келілік гірді 88 рет көтеріп, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшыларға арнайы мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:58
Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

Бүгін, 08:53
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады

13 қазан, 2025
Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын медаль жеңіп алды

13 қазан, 2025
«Қайрат» - «Пафос» матчына билеттер сатыла бастады