Әлем чемпионаты-2026: Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді жеңді

26 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Әлем чемпионаты-2026: Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді жеңді
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 12 жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл жеңіс 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Лихтенштейн құрамасына қарсы ойында болды. Қазақстан құрамасы сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының әлем біріншілігіне іріктеу кезеңіндегі соңғы жеңісі 2013 жылдың 6 қыркүйегінде тіркелген еді – ол кезде Фарер аралдары 2:1 есебімен жеңілген болатын. Сол уақыттан бері Қазақстан іріктеу кезеңдерінде 22 матч өткізіп, 7 рет тең ойнап, 15 рет жеңіліп қалған.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы J тобында өнер көрсетеді. Бұл топтағы қарсыластары – Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн.