Елена Рыбакина теннистен Канадада өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды

фото: Olympic.kz
Әлемнің 12-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай финал үшін өткен кездесуде ол Украина өкілі Марта Костюктан басым түсті.
Есеп 6:1, 2:1 болып Еленаның пайдасына шешілген сәтте, қарсыласы оң қолының жарақаттануына байланысты ойынды жалғастыра алмады.
Осылайша, Рыбакина маусымдағы екінші, ал мансабындағы оныншы рет WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жартылай финалда ол канадалық Виктория Мбокомен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:57
Бас қаладағы коммуналдық мекеме қызметкерлері шағын футболдан сынға түсті

Бүгін, 12:32
Танымал спортшылар жалпықалалық сенбілікке үлес қосты

Бүгін, 12:12
Астанадағы Funny Sport жобасының жүгірісіне 300-дей бала қатысты

19 қыркүйек, 2025
«Астана - есірткісіз қала» ұранымен елорданың «Байқоңыр» ауданында волейбол ойыны өтті