«Астана - есірткісіз қала» ұранымен елорданың «Байқоңыр» ауданында волейбол ойыны өтті

Бүгін, 19:40
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
views74
«Астана - есірткісіз қала» ұранымен елорданың «Байқоңыр» ауданында волейбол ойыны өтті
Фото: Қанат Байұзақов

Елордадағы №119 орта мектепте мұғалімдер мен ата-аналар волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырды, деп хабарлады  Elordainfo.kz. 

Жолдастық ойынға төрт команда қатысты.

«2025 жылдың жаңа оқу жылынан бастап, апта сайын мұғалімдер мен ата-аналар арасында волейбол ойынын өткізуді қолға алдық. Бұл қадамымыз педагогтер мен әке-шешелердің арасындағы байланысты жақсартып, жақсы түсінісуіне мүмкіндік береді деген сенімдемін. Жалпы мектебімізде 2000-нан астам оқушы  бар. Олардың әрқайсысының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, зиянды әдеттерден аулақ болу үшін волейбол, футбол, үстел теннисі, баскетбол, асық ату сынды тегін спорттық секциялар жұмыс істейді», - деді мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанат Жармағанбетов.

«Астана - есірткісіз қала» ұранымен кейінгі уақытта шаралардың көптеп өтуі де тегін емес. Себебі қоғамның дертіне айналған кеселмен күресу үшін, қоғамды үнемі ақпараттандырып, салауатты өмір салтын насихаттап отыру қажет.

Енді алдағы уақытта осындай спорттық шаралар тұрақты түрде өтетін болады.